«Знай, люби, читай Чехова» атты лингвистикалық турнирі ұйымдастырылды

2020 жылдың 13 ақпан күні орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің арасында аудандық «Знай, люби, читай Чехова» атты лингвистикалық турнирі ұйымдастырылды. Турнирдің мақсаты – шығармашыл мұғалімдерді анықтау, ынталандыру, қолдау көрсету. Турнир 4 турдан құрылды, І орынды иемденген қатысушы облыстық кезеңге жолдама алады. Әділқазылар алқасының шешімімен
І орынды №1 мектеп-лицейінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сариева Анаргуль Гилмашевна,
ІІ орын- А.Оразбаева атындағы ЖББ негізгі мектебінің мұғалімі Саханова Асель Хусайновна,
ІІІ орын – ЖББ Т.Жароков атындағы орта мектебінің мұғалімі Есенгалиева Бибинур Булболатовна иемденді. Облыстық кезеңге жолдама алған Сариева Анаргуль Гилмашевнаға сәттілік тілейміз!

 


Жарияланды: 17.02.202014:33

Автор: