VIIІ аудандық Қадыр оқулары

2020 жылдың 29 қаңтар күні жалпы білім беретін мектептердің 5-10 сынып оқушылары арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында VIIІ аудандық Қадыр оқулары ұйымдастырылды.
VIIІ Қадыр оқулары:
– «Сөздің бәрі құдіретті…» – Қадыр Мырза Әлі шығармаларын жатқа оқу конкурсы. (Қадыр Мырза Әлі шығармаларын көбірек жатқа білетін оқушыға жоғары баға қойылады. 5-10 балл).
– «Кейбір жырым дән ұшырып қырманда,
Кейбір жырым бақташы боп жүр маңда.» – Қадыр Мырза Әлі сөздеріне жазылған әндерді орындаушылардың конкурсы. Қатынасушы 3 ән дайындап, ұсынады. Әділқазылар алқасының шешімімен 1 әнді жатқа орындайды (5-10 балл).
– «Қуып шығар қызыл сөзді ой кейін» – жас дарындар конкурсы шығармаларын орындау: өлеңдер, әндер, музыкалық шығармалар (5-10 балл).
Аудан бойынша байқауға 36 оқушы қатынасты.
«Сөздің бәрі құдіретті…» бағамы бойынша Нұрышева Дияра (Жетекшісі: А.С.Ахметова) №1 мектеп – лицейінің 8 – сынып оқушысы, – «Кейбір жырым дән ұшырып қырманда, Кейбір жырым бақташы боп жүр маңда» бағамы бойынша ЖББ Т.Жароков атындағы орта мктептің 6 – сынып оқушысы Биғали Гүлім(Жетекшісі: Жумабаева Г.С.), «Қуып шығар қызыл сөзді ой кейін» бағамы бойынша Ө.Сахипов атындағы ЖББО мектептің 10 – сынып оқушысы Жұматаев Ақан (Алипкалиева К.С.) І орындарға ие болып, облыстық кезеңге жолдама алды. Жеңімпаздарымызға облыстық кезеңде жүлделі орындардан көрінсін деген тілектеміз. Сәттілік тілейміз!
Байқау соңы ЖББ Т.Жароков атындағы орта мектебінің оқушылары мен пән мұғалімдерінің Қадыр Мырза Әлі шығармашылығына арналған әдеби кешке ұласты.

 


Жарияланды: 18.02.202008:20

Автор: