Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасындағы «Үздік колледж -2017» облыстық байқауының қорытындысы туралы

Мақсаты:студенттерді оқыту мен тәрбиелеуде жоғары нәтижелерге қол жеткізген облыстағы үздік колледждерді анықтау, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын ынталандыру мен білім беру және тәрбиелеу  үдерісіне алдыңғы қатарлы жетістіктерді енгізу мен оң тәжірибесі туралы хабардар ету.

Байқауға 25 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қатынасты. Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар келесі колледждер бойынша анықталды:

Бас жүлде – Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі;

І орын – Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі;

ІІ орын – Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі;

ІІІ орын – Орал «Сервис» технологиялық колледжі, А.Иманов атындағы жол-көлік колледжі, Ақжайық аграрлық-техникалық колледжі.

 

Аталым бойынша:

«Жаңашыл колледж» – Батыс-Қазақстан индустриалды колледжі;

«Инновациялық  бағыттағы  колледж»  – Орал политехникалық колледжі ;

«Үздік ғылыми – әдістемелік жұмыс» – Орал ақпараттық технологиялар колледжі;

«Үздік тәрбие жұмысы» –Жәнібек колледжі;

«Даму әлеуеті бар колледж» – Жаңақала колледжі;

«Креативті ұжым» – Шынғырлау колледжі;

«Педагогикалық әлеуетті колледж» – Рубежка колледжі.


Жарияланды: 20.07.201710:28

Автор: