«Жәнібек аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекеме

 

 

A- A A+

Название

Название

 

«Жәнібек аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекеме

 

 

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

окно

Жаналыктар

«ЖАҺАНДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ САПАСЫ»

2019 жылдың 14 тамыз күні Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ЖББ Т.Жароков атындағы орта мектебі базасында «ЖАҺАНДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ САПАСЫ» тақырыбында аудандық педагогикалық қызметкерлердің тамыз кеңесінің секциялық отырыстары өтті. Мақсаты: мұғалімдердің кәсіби біліктілігін жетілдіре отырып, нәтижеге бағытталған жұмыс арқылы ұстаздардың шеберлігін, шығармашылығын шыңдау, педагогтардың кәсіби құзіреттілігін арттыру.

Мектеп кітапханашыларына арналған семинар өтті.

Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің жоспарына сай ағымдағы жылдың 12 сәуір күні Т.Жароков атындағы ЖББ орта мектеп базасында заманауи әдіс-тәсілдерді кітапхана жұмысында пайдалану, оқушылардың  кітапқа деген қызығушылығын ояту, кітапханашылар өзара тәжірибе алмасып, алған білімдерімізді жетілдіру мақсатында «Мектеп кітапханасы: шығармашылық ұсыныстар, кәсіби біліктілік» тақырыбындағы аудандық мектеп кітапханашыларына арналған семинары өтті.

Өлең сөздің зергері – Қадыр ақын

Туған елді, жерді сүюге тәрбиелеп, бүкіл қазақ еліне, қазақ жеріне деген адал махаббатын, асыл сезімін жыр жолдарымен кестелеген қазақ  жырының  ұлы  ақыны, халық жазушысы  КСР Мемлекеттік сыйлығының  лауреаты және тәуелсіз «Тарлан» сыйлықтарының иегері Қадыр Мырза Әлидің  шығармаларының таралуын кеңінен насихаттау, ақын шығармалары негізінде өскелең жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу, Отанға, ата-анаға, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, орындаушылық шеберлік өнерінің шыңдала түсуіне, сахналық мәдениетін көтеруге арқау болу мақсатында Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеттің жоспарына сай бастауыш сынып оқушылар арасында аудандық «Қадыр оқулары» мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылды.

Аудандық қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі және тарих, математика пәндерінен мұғалімдер арасындағы олимпиада

Аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сай пән мұғалімдерінің кәсіптік шеберлігінің өсуіне ықпал ету арқылы педагогтердің мәртебесін көтеру мақсатында 2019 жылдың 9 қаңтар күні қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі және тарих, математика пәндерінен аудандық пән мұғалімдерінің олимпиадасы ұйымдастырылды.

Ыбырай Алтынсарин мақала

«Ыбырай Шоқанға да, Абайға да ұқсамайды. Ол екеуінің ісін өз

ісіне түйістіріп қоса білді. Сөйтіп ол екеуі істемеген тың, тарихтық өресі бар,

зор келеші бар істердің үлгісін өз қолымен орнаттты. Әрі –жаңа  үлгідегі ақын.

Әрі –батыл  жаңалық жасап, «бұратана» елдер үшін тың үлгілі мектеп ашушы».

Мұхтар Әуезов