«NatRoboCom-2020» роботтық техника жарысы ұйымдастырылды

2020 жылдың 19 ақпан күні роботты құрастыру және бағдарламалау бағытындағы дарынды оқушыларды анықтау және оқушылардың бойындағы патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында 10-17 жас аралығындағы мектеп оқушылары және мектептен тыс жұмыстар орталығының тәрбиеленушілері арасында аудандық «NatRoboCom-2020» роботтық техника жарысы ұйымдастырылды. Жарыс «Робо асық ату», «Робо қыз қуу», «Робо ақ сүйек», «Робо арқан  тартыс»  категориялары бойынша жүргізілді.

Әділқазылар алқасының шешімімен І орынды «Робо асық ату» категориясында Т.Жароков атындағы ЖББОМ оқушылары Махотов Әділбек, Фазыл Заңғар (жетекшісі: И.Н.Уахитов), «Робо ақсүйек» категориясында Т.Жароков атындағы ЖББОМ оқушысы Ғарифолла Дияс (жетекшісі: М.Н.Утегенов),  «Робо арқан  тартыс» категориясында №1 мектеп-лицейінің оқушылары  Ержанұлы Демеухан, Ғұбайдуллаев Алпамыс (жетекшісі: А.Е.Садиров),  «Робо қыз қуу» категориясында Т.Жароков атындағы ЖББОМ оқушысы  Есетов Дамир (жетекшісі: М.Н.Утегенов) иемденді. Әр категория бойынша І орынды иемденген қатысушыларға облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!

 


Жарияланды: 20.02.202008:53

Автор: