«Мен OFFLINE» республикалық балалар акциясы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2020 жылғы 26 қаңтардағы Халықаралық интернетсіз күніне арналған «Мен OFFLINE (оффлайн)» республикалық кең ауқымды балалар акциясы аудан көлемінде және барлық білім беру ұйымдарында сағат 9:30 – 12:30 аралығында ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – интернетке тәуелділіктің алдын алу, интернетсіз бір күнді тиімді пайдалануға бағыт көрсету. Оқушылардың бір күнін тиімді ұйымдастыру бағытында қосымша білім беру ұйымдарында арнайы жоспарлар құрылып, оқушылар жас ерекшеліктеріне қарай топтастырылды.Барлық білім беру ұйымдары интернетсіз бір күнді спорттық ойындарды ойнау, үйірмелерге, кітапханалар мен мұз үстіндегі ойындар, мекемелерге бару арқылы өткізсе, аудандық деңгейде шара бірнеше бағыттарды қамтыды. Атап айтар болсақ, Саз мектебінде фортепиано класының оқытушысы А.Е.Менешова 50 оқушыға хор, әрі музыка бағытында түрлі шаралар ұйымдастырса, Т.Жароков ат. ЖББОМ базасында 30 оқушыға домбыра класының мұғалімдері Г.Н. Кубаева, Н.С.Ситешова және Н.Б.Касумова домбыра тартуды үйретті. Балалар жасөспірімдер туризмі және экология орталығындаоқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.С. Куаналиева 35 оқушыға гитарамен ән айтудың қыр- сырымен таныстырып, ән шырқаудың алғашқы қадамдарын үйретті. Қосыла ән шырқап, уақыттарын көңілді өткізсе, туризм бөлімінің меңгерушісі Т.Қ. Сарсенбай және әдіскерлерінің ұйымдастыруымен «Спорттық бағдарлау» және «Шаңғымен туризмі» туристтік ойындары ұйымдастырылды. Мектептен тыс жұмыстар орталығында «Сурет салу»үйірмесі бойынша 43 оқушы, «Қолөнер»үйірмесіне 34 оқушы, «Тоғызқұмалақ»үйірмесіне 15 және «Құмдағы құпия» үйірмелері бойынша іс-шараларға 35 оқушы қатысты. Орталық алаңда бастауыш сынып оқушыларына түрлі бой сергіту жаттығулары, эстафеталық және қозғалмалы ойындардыдене шынықтыру пәнінің мұғалімдері ұйымдастырып, шараның жалғасы ретінде Мәдениет үйінің залында мультфильм көрсетілді. Шараға 100 оқушы қатысты. Спорт мектебі мен Т.Жароков ат.ЖББОМ –нің спорт кешенінде футбол мен волейболдан жолдастық кездесулерұйымдастырылды.«Мен OFFLINE (оффлайн)» логотипін барлық оқушылар қолданды. Шараның өтуінееріктілер тобы белсене араласып, оқушыларға жақсы көңіл күй сыйлады.
Ауданымызда ұйымдастырылған шараларға мектебіміздің оқушылар арасында құрылған «Добрые руки» волонтерлер клубының мүшелері ұйымдастырылған барлық шараларды аралап, балалар бірге ойнап, жарысып, үйреніп өз үлестерін қосты. Өткізілген щаралардан мектеп оқушылар мол әсер алып, үлкен қызығушылықпен қатысып, интернетсізде уақытты тиімді, қызықты, мәнді де сәнді өткізуге болатындығы туралы ой түйді, аудан орталығындағы қосымша білім беру ұйымдарында қызықты үйірмелер туралы мол мәлімет алды.

Акция қорытындысы негізінде әр оқушы осы күнді интернетсіз қалай өткізгендігі туралы бастауыш сынып оқушылары сурет салса, 5-11 сынып оқушылары эссе жазатын болады. Осы шараның нәтижесінде балаларды компьютерлер мен жаһандық желіден бір күнге ойын аулап, бұл күнді тек шынайы әлемде өмір сүре өткізуге, жақын адамдармен жақынырақ араласу немесе күнді сүйікті хоббиге арнауға, балалардың шығармашылық, спорттық, музыкалық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік жасалды. Оқушылардың іс-шаралары, жұмыстары туралы қорытынды ақпарат Комитеттің Facebook әлеуметтік желісінің ресми парақшасына және барлық білім беру ұйымдарының Facebook әлеуметтік желісіне орналастырылды.


Жарияланды: 27.01.202016:20

Автор: