“Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: инновация және тәжірибе” ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ СЕМИНАР

2020 жылдың 03 наурыз күні, “Ұзынкөл” бөбекжай  базасында  «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: инновация және тәжірибе “ тақырыбында  аудандық семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты:  педагогтердің кәсіби біліктілігін жетілдіре отырып, нәтижеге бағытталған жұмыс арқылы тәрбиешілердің шеберлігін, шығармашылығын  шыңдау,  іс-тәжірибелерімен бөлісу.

Семинарға мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, әдіскерлері, тәрбиешілері мен  педагогтері қатысты.

Семинар барысында педагогтер “Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде В.В. Воскобовичтің ойын технологияларын қолдану маңыздылығы”,  “В.В.Воскобовичтің дамытушы ойындары”, “Мектеп жасына дейінгі балалардың ұсақ қол маторикасын дамыту бағытындағы ойындар”, “Мектепке дейінгі ұйымда жобалау әдісін ұйымдастыру”,   Түзету-дамыту жұмысы “Жазғы орманға саяхат”, Бөбекжайдағы ұлттық тәрбие рухани жаңғырудың алғашқы қадамы, “3D  форматындағы гүлдер әлемі”, Блума кубиктерін ұйымдастырылған оқу қызметтерінде тиімді қолдана білу шеберлігі,  “Диафильм” ұйымдастырылған оқу қызметінде қолдану,  Шерсть (жүн) қолдана отырып балалармен әсем дүниелерді бейнелеу,  Дәстүрден тыс сабын көпіршіктерімен сурет салу,  “Шашыранқы әдіс арқылы сурет салу” технологиясы,  “Көңілді паровоз” шеберлік сыныптары көрсетіліп, педагогтердің шығармашылық жұмыстарынан әзірленген көрмені тамашалады.

Семинар қатысушылары мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстануда қолданатын түрлі белсенді әдіс-тәсілдерін, инновациялық технологияларын  меңгеріп, өз қоржындарын толықтырды.


Жарияланды: 04.03.202013:43

Автор: