Біз туралы

Жалпы ережелер
1.Мемлекеттік мекеме «Жәнібек аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік басқару жүйесіндегі орта білім. Мектепке дейінгі, мектепішілік, қосымша білім беру дамыту жоспарын әзірлеу мен іске асырудың, аудан ауқымындағы педагогикалық кадрлармен әдістемелік жұмыстарды қамтудағы жеке атқарушы орган болып есептелінеді
2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы мен қарарларын, Білім және Ғылым министрлігінің нормативтік құжаттарын, облыс және аудан әкімінің бұйрығын, шешімін, облыстық білім басқармысының нормаға сәйкес іс қағаздарын және осы Ережені басшылыққа ала отырып жүргізеді.
3. Бөлім білім беруде мемлекеттік саясатты жүргізеді, аудан көлеміндегі барлық мемлекеттік білім беру мекемелерінің қызметін реттейді және жергілікті бюджеттен қаржыландырылып отырылған аудандық әдістемелік кабинет, мектепішілік және интернат мекемелері, күндізгі барлық үлгідегі жалпы білім беретін мектептер, қосымша білім беретін мекемелер жұмыстарына басшылық жүргізеді.

Бөлімнің негізгі мақсаты

  1. Аудан азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға конституциялық кепілдік беру.
  2. Ауданның білім жүйесінің барлық буындарында біртұтас мемлекеттік саясатты ұлттық-аймақтық, демографиялық және басқа ерекшеліктерін ескере отырып жүргізіу, аудан көлемінде үздіксіз білім беруді қамтамасыз ету.
  3. Ауданның білім жүйесін қоғамның қажеттіліктеріне сәйкес және жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты дамыту және әлеуметтік тұрғыда қорғау.

 

Бөлімнің негізгі міндеттері

  1. Бөлім білім берудің дамытудағы мемлекет саясатын жүзеге асырады, барлық  мемлекеттік білім мекемелерінің қызметіне бағыт-бағдар береді, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауданның әдістемелік кабинет, мектепке дейінгі, мектеп тен тыс мекемелер мен интернаттар, күндізгі барлық үлгідегі жалпы білім беретін мектептер, қосымша білім мекемелерінің жұмысын бақылап, қалыпты жұмыс істеуіне жағдай жасайды.
  2. Білім беру саласының аудандық, облыстық, республикалық жоспарларын іске асырудағы бөлімнің жұмысына басшылық ету, аудан және облыс әкімінің шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету, білім беруді дамытудың аймақтық бағдарламасын әзірлеу, аудан әкімі шешімі мен нұсқауларын білім беру бөлімін дамыту жүйесімен құқықтық қорғау ретінде басшылыққа өсу.
  3. Жәнібек аудандық әкімдігінің аппаратына облыстық білім басқармасына аудандық әлеуметтік, экономикалық жағынан дамытудың индикативтік жоспарын құрамына қарай ұсыну, білім бөлімінің материалдық-техникалық базасын нығайту, мамандар даярлауды әзірлеу және ұсыну.
  4. Бөлімнің дамыту жүйесінің жағдайына сараптамалық талдау жасау, оның даму тенденциясын айқындау, ҚР білім жөніндегі заңдар жиынтығының орындалуын қадағалау, мемлекеттік және мемлекеттік емес білім стандарттарының сақталуын қадағалау.
  5. Білім берудің мемлекеттік емес секторының, ақылы және қосымша білім беру және өзге де қызмет түрлерін дамытуға ат салысу.
  6. Жалпы орта білім беру мазмұның аймақтық-мектепішілік құрамдас бөлігін дамытуға жағдай туғызу үшін шара қолданады.
  7. Жәнібек аудандық акиматына аудандық мемлекеттік білім беру мекемесін облыстық білім басқармасы жоспарымен келісе отырып, ашу, тарату, көшіру жөніндегі ұсыныстар түсіре алады, азаматтарды өз ана тілінде оқытатын мектеп, класс, өзге де оқыту түрлерін ашуды ұйымдастыра алады, ұлттық дәстүр мен мәдениетті, шет тілдерін оқытуды ұйымдастырады.
  8. Аудандық көлемдегі бөлімнің басшысы кадрларды іріктеу мен тағайындауды іске асырады. Бөлім мекемелерінің басшылығына кандидатты тағайындауды аудан әкімімен келіседі. Кадр мәселесіндегі қажеттілікті зерттеу жұмыстарын іске асырады, білімді педагог кадрлармен толықтыруды, жас мамандарды жергілікті жерге тұрақтандыруды, басшылық қызметке резерв дайындауды іске асырады.
  9. Бөлімнің педагог кадрларымен және басшылармен өз білімін жетілдіруді ұйымдастырады, қызметкерлерді белгіленген тәртіпте аттестациядан өткізуді ұйымдастырады.
  10. Педагогикалық және басшылық жаңашылдыққа сараптама жүргізеді, тәжірибе аланың ұйымдастырады, аудандық білім кәсіпорындарын бақылау тізімін белгілейді, ғылыми мекемелермен бірлесе іс-қимыл атқарады.
  11. Халықты жұмыспен қамтамасыз ету мекемесімен, өзге де мүдделі мекеме ұжымдармен бірлесе отырып, жастарға кәсіптік білім берудің аумақтық бағдарламасын әзірлейді және іске асырады.
  12. Білім беру оқу-тәрбие жұмысында санитарлық-гигиеналық жағдайдың сақталуын қадағалайды, қызметкерлер арасында еңбек және техника қауіпсіздігін сақтау жөніндегі шаралар өткізу, оқушы, жастар мен балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қадағалайды.
  13. Жетім, қамқорсыз қалған балаларды, дене және ақыл-ой кемістігі бар және өзге де мемлекеттен қамқорлық қажет ететін балаларды әлеуметтік қорғау, құқын қорғау, оларды оқыту мен тәрбиелеу, еңбекке қалыптастыруды ұйымдастырады.
  14. Аудандық кәсіподақпен бірлесе отырып, педагог кадрларды, оқушыларды, тәрбиенушілерді  әлеуметтік жағынан қорғаудың шараларын әзірлейді және Жәнібек аудандық әкімдігіне ұсыныс енгізеді.
  15. Білім жүйесінің негізгі қорларының дамуы мен жүзеге асуын сақтау жөнінде шаралар қабылдайды. Жәнібек аудандық әкімдігіне білім мекемесінің материалдық –техникалық базасын нығайту жөнінде ұсыныстар әзірлейді, түсіреді. Білім мекемесін орталықтандырылған белгіленіп бойынша қаржымен қамтамасыз етеді, мектеп оқулықтары мен оқу-әдістемелік әдебиеттерге тапсырыжоспар әзірлейді.
  16. Аудан бюджеті бойынша білім беру саласынабөлінген қаржыландыру мен шығыстың жоспарының сызбасын Жәнібек аудандық әкімдігіне әзірлейді және табыс етеді, аудандық ведомстволық мекемелерді қаржыландыруды іске асырады, жалпыға ортақ білім берудің қорын құрады, білім мекемелеріндегі қаржыландыру-шаруашылық жағдайын бақылайды.
  17. Білім мекемелерінің қаржыландыру-шаруашылық жағынан нығаюы мен дамуына көмектеседі, білім беруді дамытуға ынталандыратын ұсыныстар мен салықтық жеңілдіктерді әзірлейді
  18. Ауданның білім жүйесінде ұйымдастыру-анықтамалық қамтуды ұйымдастырады, жаңа ақпараттық жүйесін құрады және дамытады, редакциялық-баспасөз шығармашылығын іске иасырады.
  19. Білім жүйесіндегі үздік үздік қызметкерлерді мадақтауды іске асырады, белгіленген жағдайда Үкімет наградыларымен  марапатталатын кандидаттарды және білім саласының Құрмет белгілерімен марапатталатын кандидатураларды ұсынады.
  20. Мамандарды алмастыруды ұйымдастырады іске асырады, шетелге оқуға бару үшін оқушыларды іріктейді, шетелдік делегаттарды немесе жекелеген шетелдік өкілдерді қабылдауды ұйымдастырады.
  21. Белгіленген Заңға сүйене отырып, азаматтардың ұсынысын, арызын, тілегін қарайды, келушілерді жеке жұмыстары бойынша қабылдайды.
  22. Көпшілікке өзінің қызметі жөнінде жиі ақпарат беріп отырады, ақпарат құралдарына білім мәселелері жөнінде құлағдар етеді
  23. Жәнібек аудандық акиматының және облыстық білім басқармасының алдында өз қызметі жөнінде есеп береді.

Всего комментариев: 0