Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті.

30 қаңтар күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. ҚР Білім және ғылым вице-министрі Ш.Т. Каринова «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мектепке дейінгі және орта білім берудің міндеттері туралы» баяндама жасады. Жиынға Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының басқармалары мен облыстық басқармаларының, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің, ҚР БҒМ әдістемелік кабинеттері мен ведомстволық бағынышты ұйымдарының басшылары, жеке, республикалық және халықаралық мектептердің, педагогикалық және ата-аналар қоғамының өкілдері қатысқан болатын. Отырысқа қатысушылардың қатарында Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің басшысы Б.Д.Сарбалина мен әдістемелік кабинетінің меңгерушісі А.А.Нұрғалиева да болып, білім беру саласындағы жаңалықтар мен өзгертулер бойынша маңызды сауалдарға жауап алды.


Жарияланды: 31.01.202007:10

Автор: