Білім беру ісінің тарихынан

1918 жылы 8-17 жасқа дейінгі балаларды міндетті түрде ақысыз оқыту зандастырылған болатын.  1922 жылы Жәнібек ауылында    15 баланың ата-аналары  Суркова Антонина Николаевна деген мұғалімді жалдап бір жер үйге керекті отын жинап беріп алғашқы мектеп жұмысын бастаған (бүгінде ол № 1 ЖББОМ). 1924-30 жылдары ауданда екі жылдық бастауыш мектептер Ұзынкөл,  Жақсыбай, Ақоба, Тау, Борсы,Күйгенкөл, Талов ауылдарында ашыла бастайды. 1935 жылы аудан орталығында қазақ мектебі (кейін Т.Жароков ат.ЖББОМ) ашылды. 1940-і жылдары халыққа білім беру оқу бөлімі ашылды. Содан бері   бөлім меңгерушілері  болғандар:

уақыты

аты – жөні

бөлім атауы (ескертулер)

1 02.1942 – 08.1942 Ахмулдин Жұмат аудандық халыққа білім беру бөлімі
2 08.1942 – 01.1947 Нұрышев
3 01.1947 – 08.1947 Есенгалиев М.
4 08.1947 – 07.1954 Өрекешев Халел 1953/54 о/ж Орда
5 07.1654 – 07.1962 Жанғалиев Мендіхан ауданымен бірікті
6 08.1962 – 08.1964 Қайырбеков Нұрлыбай  
7 08.1964 – 08.1965 Өрекешев Халел  
8 08.1965 – 11.1967 Кайыршин Кәрім Иманғалиұлы  
9 11.1967 – 04.1972 Сабыров Менеш  
10 04.1972 – 04.1977 Ажыханов Талип Ажыханұлы 1972-73 о/ж Орда
11 04.1977 – 07.1979 Жұмагереев Мендыбай ауданы бөлініп
12 07.1979 – 02.1985 Жұманиязов Хабер Ғилманұлы кетті
13 02.1985 – 09.1997 Мұташев Хайдар  
14 09.1997 – 04.2002 Сиражев Сапарғали  
15 04.2002 – 05.2003 Тарғынов Елғон Құсайынұлы  
16 08.2003 – 08.2005 Ғазезов Мұратқали Ғазезұлы 5.01.2005 ж №1 Аудан Әк. қаулысымен «Білім беру және спорт бөлімі» атанды
17 08.2005 – 12.2007 Қадыралиев Хабиболла Бисенғалиұлы 5.01.2006 ж № 4 Аудан Әк.қаулысымен «Білім беру   бөлімі» атанды
18 12.2007 – 09.2008 Тарғынов Елғон Құсайынұлы  
19 10.2008 – 06.2010 Мамбеталиев Сапар Абдоллаұлы  
20 06.2010 – 07.2011 Хайдаров Мереке Жұмабайұлы  
21 07.2011-10.2016 Ғазезов Мұратқали Ғазезұлы  
22 01.2017 Ибатов Миранбек Нұрланүлы  

1942 жылы  20 ақпандағы халыққа білім беру бөлімі меңгерушісінің бұйрығымен әр мектептен бірнеше мұғалім үлкендерді оқытуға тағайындалып, әр қайсына 10 адамды оқытып үйрету міндеттелді.
1952 жылдын 1 қаңтарында ауданда 28 мектеп болған, оның 19 – бастауыш, 7 – жетіжылдық, 2 – орта мектеп.
1953-54 оқу жылында Орда ауданымен біріккеннен кейін, 40 мектеп болған. Олардың 21-і бастауыш, 16-і  жетіжылдық, 3 орта мектеп. 35 мектепте сабақ қазақша, 3-де орысша, 2-де аралас тілде жүргізілді. Осы мектептерде 266 педагог 4149 жасөспірімге тәлім-тәрбие берді. Педагог кадрлардың білім дәрежесі төмендегідей болды:
– педагог институт бітірген – 24
– оқытушылық институт бітірген – 75
– педагогик.училище бітірген – 101
– жалпы орта білімі бары – 50
– бітірмеген орта білімі бары – 16
1958 жылдын тамызынан бастап ҚазССР Жоғары Кеңесі Президиумының «Қазақ ССР-да жалпыға бірдей міндетті оқыту» жөніндегі жарлығы негізінде ауданның 7 жылдық және орта мектептері жанынан жетіжылдық білімі жоқ 16-20 жас аралығындағы жастарды оқыту үшін кешкі мектептер немесе бөлек кластар ұйымдастыру жөнінде шаралар іске асырылды.
1957 жылы  жоғары сыныптары жоқ жерлердін еңбекшілер балаларын ұйымдастырып оқыту мақсатымен аудан орталығында совхозаралық интернат ашылды. Интернатқа ашылған күнінен бастап меңгерушісі болып Мололкин Александр Васильевич тағайындалды. Ол – шебер ұйымдастырушы, тәжірибелі педагог, ел арасында «Жәнібектік Макаренко» атанды. Онымен бірге тәрбиеші болып қызмет атқарғандар Текебаева Шолпан, Мұқанова Надежда, Зұлқарнаева Талшын, Искакова Мәншук Джамалединқызы да алғашқы ұстаздық еңбек жолын осы интернаттан бастады. Көп жыл бойы аспазшы болып Ұлы Отан соғысының ардагері, басынан талай қиындықтар өткізген, ал балаларға әрдайым қамқоршы бола білген Ахметова Қалампыр жұмыс істеді. Совхозаралық интернат 1987 ж. жабылды.

1962 жылы шалғайдағы елді мекендердін балаларына арналған сегізжылдық Абай атындағы мектеп- интернаты ашылды, содан 1987 жылдың тамызына  дейін жұмыс жасады. 80-і жылдары ауылдық мектептер жанынан жатақханалар ашылуына байланысты, 1986/87 оқу  жылында мектеп интернатта жоспардағы 200 баланың орнына тек қана 62 бала оқыған. Сол себептен аудандық партия комитетінің бюросы және аудандық атқару комитетінің бірлескен шешімімен 1987 жылдың 18 тамызында Абай атындағы мектеп-интернаты жабылды.  Осы уақыт ішінде мектеп-интернатты 5 директор басқарды:
08.1962 – 08.1963 жж – Жанғалиев М.
08.1963 – 08.1965 жж – Қайыршин К.И.
08.1965 – 08.1977 жж – Өрекешев Х.
08.1977 – 02.1985 жж – Муташев Х.
02.1985 – 08.1987 жж – Жамашев А.
25 жыл ішінде бүл оқу орны мыңдаған балаға біліммен бірге саналы тәрбие берді. Спорт, өнер сайыстарда интернат тәрбиеленушілері әрқашан жүлделі орындар алып жүрді. Бүл оқу орны талай жас ұстаздарға болашаққа жол ашты. Осы мектеп-интернатынан еңбек жолын бастаған Н.Бектенов, М.Жұмагереев, Қ.Жұнүсов,  А.Бердіғалиев, мектеп басшысы, үкімет,партия жұмыстарында істеді. 1982 жылы ҚазМУ үздік бітіріп келген М.Құлшар бүгінде облыстық маслихаттын хатшысы. Сонымен қатар, көп жылдар еңбек еткен оқу ісінің меңгерушісі «ҚазССР оқу ісінің үздігі», орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Абсалямов Кабер Басирович, «Кеңестер Одағы оқу ісінің үздігі» география пәні мұғалімі Смайылова Латипа, «ҚазССР оқу ісінің үздіктері», математика пәні мұғалімі Бисенова Амина, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Жұмағалиева Маржан, Аманов Қоблан, Ғайниденов Ш., Каиршина Ж, Бисенгалиева Ақзиля, Сұлташева Ақсүлу, Куккузова П.И., Шарипова М,Бигалиев М., Гайнушева С., Сапашева Д.,бастауыш сынып мұғалімдері Темралиева Қамеш,  Сапарова Бақыт, Утешева Бақыт, тәрбиешілері Өтешева Рәш, Нұршалиева Зеріп, Жұмақулова Менсүлудің  есімдері талай шәкірттердін есінде қалды.
1964 жылы ауданда  860 орындық 3 мектеп үйі, 50 орындық 1 спорт залы және Абай атындағы мектеп интернатына типтік жобамен мектеп уйі, кітапханалар кешені салынып, пайдалануға берілді. 1964-65 оқу жылында аудан мектептерінде 358 педагог кадрлар қызмет жасаған, олардың
– педагог институт бітіргені          – 153
– оқытушылық институт бітірген – 90
– педагогик.училище бітірген      – 102
– жалпы орта білімі бары              – 5
– бітірмеген орта білімі бары – 8,  бұл осыдан 10 жыл бұрынғы мерзіммен салыстырғанда ұстаздардың білім дәрежелерінің  едәуір арта түскенін көрсетеді. Осы жылы ауданның 6 кеңшарындағы балабақшаларында 175, Жәнібек поселкесіндегі 2 балабақшада 140 сәби тәрбиеленді.
Мұғалімдер ұстаздық етумен қатар ауданның саяси-әлеуметтік өміріне де белсенді қатысып отырған. 180 мұғалім партиялық саяси ағарту жүйесінде үгітші, насихатшы, саяси баяндамашы болған. 2 мұғалім аудандық, 21 мұғалім селолық Кеңестерінің депутаты болып сайланған.
1966 жылы орта мектептер саны 7-ге жетіп, жетіжылдық мектептер сегізжылдыққа айналдырылған. Оқушы саны  – 6247-ге жеткен.
1971-72 оқу жылында 31 мектепте 7643 бала оқыған. 31 мектептін 15 – бастауыш, 8 – сегізжылдық, 8 – орта мектеп; сонымен бірге 1 –  мектеп-интернат, 1 – сауықтыру мектебі,  1 – жұмысшы жастардын кешкі мектебі (115 жас), 1 – музыкалық, 1 – спорт мектебі, Пионерлер үйі жұмыс жасаған. Осы жылы  ауданда 640 орындық 3 мектеп, 80 орындық жатақхана, 100 орындық спорт залы салынып, пайдалануға берілді.
1972-73 оқу жылында Орда ауданы бөлінгеннен кейін ауданда 19 мектеп қалды, оның  9 – бастауыш, 4 – сегізжылдық, 6 – орта мектептер. Оқушы саны – 4873.
1978/79 оқу жылында аудандағы 18 мектептің  7-і бастауыш, 3-і сегізжылдық,8-і орта мектеп болды. 8 орта мектепте техникалық ұйірмелер ұйымдастырылып, онда 343 оқушы автомобиль жүргізуші, тракторшы мамандықтарын алған.
ҚСРО Министрлер Кеңесінің 1974 жылғы 16 сәуірдегі № 273 «Орта білім беретін мектептер мұғалімдерін аттестациядан өткізу  туралы» қаулысы негізінде және аттестацияны өткізу жөніндегі Ережені басшылыққа ала отырып аудандық халыққа білім беру бөлімі 1978 жылы қазан – желтоқсан айларында аудан мектептерінің мұғалімдерін аттестациядан өткізген. Аттестация өткізілген 11 мектептегі 273 мұғалімнің 124-і Ережеге сай аттестациядан босатылып, 149 өткен. Соның ішінен 40 мұғалім атқарып жүрген лауазымына сай және мақтауға тұрарлық, 76-сы лауазымына сай, 36-сы бірқатар айтылған ұсыныстарды іске асырғанда ғана лауазымына сай деген баға алған. Екі мұғалім: Калинин ат.ОМ –нен Даришев М.К. және № 1 ОМ-тен Агафонова Л.В. «Аға оқытушы» атағына ұсынылған. Бұл ұсынысты ҚазССР ағарту Министрі 1980 жылғы 10 науырызда бекіткен.
Аудан орталығындағы мектептерде оқушыларды еңбекке тәрбиелеу және кәсіпкерлік бағдар беру ісін жетілдіру мақсатында Аудандық атқару комитетінің шешіміне орай білім бөлімінің  1982 жылғы  2 маусымдағы бұйрығымен   өндірістік – оқу комбинаты ашылды. Оған аудан орталығындағы екі мектептен 3 жүк автомашинасы, 2 трактор, басқа да ауыл шаруашылық  құрал-жабдықтары алынып берілді.  Бұл комбинатта ер балалар автомашина жүргізуші, тракторшы, қыз балалар киім тігуші мамандықтарына  Ә.Темешев, А.Каримов, С.Сукирова, Н.Породнова шеберлер оқытты. 1987 жылы жабылғанға дейін бұл мекемеде басшы болып Молдагалиев Х.С., Ажғалиев С.К. жұмыс істеді.
1985 жылдан бастап балаларды 6 жастан оқытуға дайындық жүргізіліп, шаралар бекітілді. Осы жылы Аудандық атқару комитетінің шешімімен 13 кәсіпорын мен ұйымдар (оның ішінде барлық кеңшарлар) мектептерге базалық кәсіпорын болып бекітілді.Сондай-ақ мектепке дейінгі балалар мекемелеріне, музыкалық, спорт мектептеріне, пионерлер үйіне де шефтік кәсіпорындар бекітілген.
1986 жылы 25 шілдеде балалардың жазғы демалысын дұрыс ұйымдастыру, денсаулықтарын нығайту мақсатында аудан орталығынан 5-6 шақырым жерде («Новая жизнь») 90 орындық еңбек және демалыс лагері ашылды. Оның құрылысын салуға барлық кеңшарлар, аудан орталығындағы бірқатар ірі кәсіпорындар белсене қатысты.

1990 жылдың 1 шілдесінде Казталовка, Бөкейорда, Жәнібек аудандарының мектептерін көрнекілік құралдармен және мектеп мүліктерімен қамтамасыз ету мақсатында облыс орталығы Орал қаласының базистік дүкенінің  Жәнібектік  филиалы  ашылды. Директор міндетін Батырғалиев Төлеп Әбуұлы атқарды. 1997 жылы 15 мамырда бюджеттік мекемелерде қаржының ықшамдалынып азайуына  байланысты Аудандық әкімшілігінің шешімімен жабылды. Бұл жылдары аудан мектептері біраз көрнекілі құралдармен (сол жылдары алынған тарих, география карталары әлі күнге дейін пайдаланып келеді), мектеп мүліктерімен  толық  қамтылды.
1990 жылдардан бастап шығармашылықпен жұмыс істейтін ұлағатты ұстаздарды аңықтау, олардың озат тәжірибелерін басқа мұғалімдерге өнеге ету мақсатымен, аудан мектептерінде жыл сайын «Жыл мұғалімі» байқауы өткізу дәстүрге айналды. Аудандық «Жыл мұғалімі – 91» байқауының жүлдегері атанған Свердлов (қазіргі М.Ықсанов) ат.ОМ бастауыш класс мұғалімі Надия Баймұратова байқаудын облыстық кезеңінде жүлделі ІІІ орын алды. Кейін бұл байқаудын облыстық кезеңінде 1997 жылы Малдирова Жазира, 1999 жылы Каримуллина Райхан ІІ орын, 2001 жылы – Мамбеталиев Сапар І орынға ие болды. 1992 жылы облыстық «Жыл директоры» байқауында Свердлов ат.ОМ директоры Ситекенова Үміт Ғұмарқызы  «Гран – при» жеңіп алып, Алматы қаласында өткен Республикалық байқауда лауреат атанды.
1992 жылы желтоқсан айының аяғында Алматы қаласында ҚР Президенті Н.Назарбаев қатысуымен өткізілген «Презитенттік шыршага» Т.Жароков ат. ОМ бастауыш класс оқушысы, отбасылық үлгідегі балалар үйінін тәрбиеленушісі Ахетова Салтанат ауданнан алғашқы рет қатысу құрметіне ие болды.
Елдегі жаппай құлдыраушылыққа және бюджет тапшылығына байланысты 1994 жылы ауданда мектептен тыс мекемелердің жабылуы етен алған. Осы және 1995 жылдары аудан орталығындағы № 1,7,4,5 және Жақсыбай кәсіпорнына қарасты «Молочный» елді мекеніндегі «Паник» балабақшасы,   балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыстарын тоқтатып жабылды.
ҚР тәуелсіздік алып, дербес даму жолын таңдауына байланысты ауданның да оқу-тәрбие ісі жаңа сапалық деңгейге көтеріле бастады.
2003 жылдан бастап жыл сайын ауданның 1 озат оқушысы (аз қамтылған, көп балалы отбасынан) Италия еліне саяхатқа баруға  ие болады. 2003-2011 жылдар аралығында 10 бала шетелге барды.  Білім және ғылым министрілігінің жолдамасымен 2008 жылы Түркия еліне саяхатқа баруға №1 ОМ мұғалімі Жамашева Г.А. ие болса, 2009 жылы аудан кәсіпкерлері тағы 2 ұстазға  (Т.Үмітаева, Г.Садыкова) жолдама  алып берді.
2004 жылдан бастап ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен орта мектеп бітірушілер орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім алуға, мемлекеттік білім грантынүтуға тілек білдіргендер міндетті түрде ҰБТ тапсырады. 2004 – 2011 жж. 2305 мектеп бітірушінің 2014-і ҰБТ тапсырып, 709-і  мемлекеттік білім грантың жеңіп алды. Облыс бойынша 2008, 2009 жылдары ауданымыз І, ІІ орындарда болды (орт.балл 90,2; 77,1). Осы жылдар ішінде аудан бойынша  6 оқушы «Алтын белгіге», 19 оқушы «Үздік аттестатқа» ие болды.

Мектепке дейінгі ұйымдар
1960-і  жылдар басында  ауданның 6 кеңшарындағы балабақшада 175, Жәнібек селосында 2 балабақшада 140 сәби тәрбиеленді. 1980 жылдары  ауданның барлық 8 совхозында және аудан орталығында 10 балабақша жұмыс жасады:
№ 1 б/б меңгерушілері К.Кадимова, А.Кусаинова, Р.Черкешева;
№ 2 б/б – Дегетаева М.М., Тищук Г.П:
№ 3 б/б – Камиева З.С, Сукирова А.Х., Юдина В., Сариева Г.
№ 4 б/б – Сунгатова С.С., Сукирова С., Абатова Р.Х.
№ 5 б/б – Супеева Р.М., Альжанова К, Сабыргалиева А.У.
№ 6 – Бапиева Ф.Б., Илимисова Г.Г.
№ 7 – Кадралиева М.А.
№ 8 – Жумалиева М.М.
№ 9 – Куанышкалиева А.Е.
№ 10 – Альжанова К., Кисекова Т.К. Ауылдық б/б – Жұмашева М., Меньших Н.С., Лукпанова Г.К., Холодкова О.П., Сариева Р.Г., Идрискалиева Б. т.б. Сол 18 балабақшадан 1999 жылы  Жәнібек орталығында тек 1 балалар бақшасы жұмыс істеген (меңгерушісі Илимисова Ғ.Ғ.). Ал 2012 жылдың басында ауданда 8 балабақша, 1 дербес шағын орталық, мектеп, балабақша жанынан ашылған тағы 12 шағын орталықта  2-5 жас аралығындағы 834 бала тәрбиеленеді. Онда 91 тәрбиеші жұмыс істейді. 5 жасар балалар толықтай мектепалды даярлық топтарға тартылған.
Ауданда білім ошақтарына басшылық етіп келген білім бөлімінде жоғарыда аталған  меңгерушілермен бірге әр жылдары сапалы еңбек еткен бөлім нұсқаушылары Ж.Сұлтанов, Р.Тургалиев, М.Бапиев, А.Гайсин, Х.Молдагалиев, М.Кабдрахимов, М.Сиражева, мамандар: Е.Жұмагереев, Х.Искандарова, Б.Сарбалина, әдістемелік кабинет меңгерушілер: Н.Қадешев, Н.Бектенов, А.Жамашев, М.Искакова, А.Искакова, Л.Дишенова  әдіскерлер: С.Мухамбеткалиев, Н.Ягупова, Е.Нокатов, З.Карабаев, А.Сукирова, Т.Кисеков,  Б.Черкешев, Б.Закарин, С.Сүнгатова, К.Шаухарова, Б.Телагисова, Р.Супеева, М.Абдулова, Ж.Утегенов, Р.Абатова, Б.Есеева, есепші бөлімінде: М.Букешева, Н.Бегешева, Г.Мусилов, К.Хайрушева, Т.Батыргалиев, Д.Утешева, Б.Сатыбалдиева, Р.Таукешева, У.Сайхаденова, С.Губайдуллина, А.Ахтаева, Г.Абатова т.б.

Всего комментариев: 0