“Балалар мен жасөспірімдер арасында суицид жағдайларын болдырмау және алдын-алу” тақырыбындағы аудандық семинар

Мектеп, оқушы, ата-ана ұғымын кең көлемде түсіндіре отырып, әдістемелік көмек көрсету және іс-тәжірибе алмасу мақсатында 2019 жылдың 30 желтоқсан күні №1 мектеп-лицейінің базасында мектеп психологтары, әлеуметтік педагогтар және сынып жетекшілерге арналған “Балалар мен жасөспірімдер арасында суицид жағдайларын болдырмау және алдын-алу” тақырыбында аудандық семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында жаңартылған әдіс-тәсілдерді қолданып, постер қорғалып, ситуациялық сұрақтарға жауап алып, “Гүл шоғы” тренингі арқылы кері байланыс алынды. Е.Ниетқалиев атындағы ЖББОМ психологі Г.Сабыргалиева “Жасөспірім бойында позитивті өмірлік ұстанымын қалыптастырудағы ата-ананың рөлі”, Ғ.Абдуллин атындағы ЖББОМ сынып жетекшісі Н.Машанова “Тұлғаның стреске төзімділігін қалыптастыру”, Х.Халиуллин атындағы ЖББОМ психологі Г.Оразбаева “Мектептегі буллинг: білім беру жүйесіндегі зорлық-зомбылықтың алдын-алу”, Ғ.Қараш атындағы ЖББОМ психологі К.Уайсова “Өмірге сүйіспеншілікпен қара” тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.


Жарияланды: 31.12.201910:44

Автор: