Аудандық Мұқағали Мақатаев оқулары

Жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында Мұқағали Мақатаев оқулары №1 мектеп – лицейі базасында 10 ақпан күні 7-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды.
Аудандық жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында өткізілген М.Мақатаев оқуларының мақсаты мен міндеттері:
– аудандық жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында М.Мақатаевтың шығармаларын насихаттау;
– аудандық жалпы білім беретін оқу орындарындағы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтау;
– оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету.
Аудандық Мұқағали Мақатаев оқулары «Айтып өткен ақында арман бар ма?», «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…», «Жыр эстафетасы», «Жырлайды жүрек», «Сыр сандықты ашып қара, ашып қара сырласым…», «Мұқағали мұрасын кім көп біледі», «Ақын мұражайына менің үлесім» атты бағамдардан тұрды.
Аудандық Мұқағали оқуларының бас жүлде иегері Ғ.Қараш атындағы ЖББО мектептің 6 – сынып оқушысы Сабырғали Нұрлы, І орын иегері №1 мектеп – лицейінің Қазбекова Мадина, ІІ орын иегері Е.Ниетқалиев атындағы ЖББО мектептің 10 – сынып оқушысы Рыспаева Назерке, ІІІ орын иегерлері Ғ.Қараш атындағы ЖББО мектептің 7-сынып оқушысы Максимова Сезім мен Х.Халиуллин атындағы ЖББО мектептің10 – сынып оқушысы Ерболат Назерке.
Байқау соңында №1 мектеп – лицей базасының оқушыларының қатыстыруымен пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен Мұқағали шығармашылығына арналған әдеби – сазды кеш ұйымдастырылып, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы сахналанды.

 


Жарияланды: 18.02.202008:16

Автор: