Аудан әкімінің мерекелік шыршасы

Жаңа жыл балалар үшін ең қуанышты, ең әсерлі мерекелердің бірі екені баршамызға белгілі. Ауданымыздың бүлдіршіндерінің көңілін көтеру үшін жыл сайынғы дәстүр бойынша аудан әкімінің мерекелік шыршасы өтті. Бұл думанға ауданымыздың мектептерінен 25 бүлдіршін қатысып, ерекше әсер алып қайтты.

Мерекелік шараға аудан әкімі Азамат Сафималиұлы Сафималиев, аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Каримоллаұлы Абдолов, аудандық маслихаттың хатшысы Тахир Зинурұлы Кадимов және аудандық білім беру бөлімінің басшысы Багида Диасқызы Сарбалина қатысты.

Алғы сөз алған аудан әкімі Азамат Сафималиұлы мерекелік шыршаны жағып беріп, жиналған балаларды жаңа жылымен құттықтап, ыстық лебіздерін жолдап, барлық бүлдіршіндерге заманауи планшеттерді сыйлады.

Әрмен қарай мерекелік кеш ертегілер әлеміне еніп, ортада ерекше қойылымдар орын алды. Мейрамға келген балалар да өз өнерлерін көрсетуден қалыс қалмады. Аяз ата мен ақшақар да балалардан сыйлықтарын аямай жұмсақ ойыншықтарды сыйға тартты.

Мерекелік думан аяқталғаннан кейін, аудан әкімі балаларды арнайы дайындалған тәтті дастарханға шақырып, тағы да мерекелерімен құттықтап, сыйлықтар ұсынды. Балалар да өз кезегінде сөз алып, Азамат ағаларына жүрекжарды алғысын жеткізді.

 


Жарияланды: 26.12.201914:54

Автор: