Адам адамнан тек қана біліммен ғана оза алады, ал басқамен асып кеттім деген – ақымақтық

Адам адамнан тек қана біліммен ғана оза алады, ал басқамен асып кеттім деген – ақымақтық» деген екен Абай хәкім.Оқушылардың білімдегі бәйгесін байқау мақсатында 6-желтоқсан күні №1 мектеп-лицейінің базасында Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі оздырылды. Жәнібек ауданы бойынша 12 мектептен келген 176 қатысушыларға аудандық білім беру бөлімінің басшысы Б.Д.Сарбалина құттықтау сөзінде сәттілік тілеген соң, пән оқушылар өз пәндері бойынша 2 тур бойы бақтарын сынады. Олимпиаданың екінші ауданыдық кезеңіне мектепшілік бірінші кезеңнен іріктеліп алынған 9,10,11 класс оқушылары қатысуға мүмкіндік алған болатын.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша 85 жүлдегер анықталып, олардың ішінен үздік деп танылған 12 бірінші орын иегерлері облыстық кезеңге жолдама алды. №1 мектеп-лицейінен 6, Т.Жароков атындағы ЖББОМ-тен 3, Ғ.Қараш атындағы ЖББОМ-тен 2, Ғ.Сарбаев атындағы ЖББ орта мектептен 1 жеңімпаз анықталып, келер жылдың 5-6 қаңтарында ауданымыздың намысын қоғамақ. Барлық жүлдегерлерді құттықтай отырып, облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!


Жарияланды: 13.12.201914:56

Автор: