2018 жылдың 21 ақпанында аудандық мектептен

2018 жылдың 21 ақпанында аудандық мектептен тыс жұмыстар орталығының ұйымдастыруымен ІI аудандық робототехника байқауы оздырылды. Негізгі мақсаты роботтарды жобалау және бағдарламалау бойынша дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, білім беру саласында ғылым мен техниканың дамуына байланысты оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметіне дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету, робототехника бойынша дарынды балалардың шығармашылық ортасын қалыптастыру. Байқауға 9-16 жас аралығындағы аудан мектептерінің оқушылары мен МТЖО тәрбиеленушілері қатысты.

Барлық қатысушылар саны-36. Оқушылар кегельринг және сумо, сызық бойымен жүру, шығармашылық бағыттары   бойынша сайысқа түсті.
Әділқазы алқасының шешімі негізінде:

«Сумо» бағыты бойынша
І орынӨ.Сахипов атындағы ЖББОМ-нің «Тұлпар» командасы
ІІ орын Ө.Сахипов атындағы ЖББОМ-нің «Алғыр» командасы
ІІІ орын МТЖО «Strong group»командасы

«Кегельринг» бағыты бойынша
І орын №1 мектеп-лицейінің «MEGAMIX»командасы
ІІ орын №1 мектеп-лицейінің «IRONMAV»командасы
ІІІ орын Ұзынкөл ЖББОМ-нің «Тапқырлар» командасы

Сызық бойымен жүру бағыты бойынша
І орын Ұзынкөл ЖББОМ-нің «EV3» командасы
ІІ орын М.Ықсанов атындағы ЖББОМ-нің «EVA»командасы
ІІІ орын Ғ.Абдуллин атындағы ЖББОМ –нің «Ойшылдар» командасы

Шығармашылық бағыты бойынша
І орын М.Ықсанов атындағы ЖББОМ
ІІ орын №1 мектеп-лицейі
ІІІ орын МТЖО командалары ие болды.
Барлық қатысушыларға сертификат берілді, жеңімпаздары МТЖО дипломдары және бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Жарияланды: 22.02.201810:31

Автор: