Арухан Жасұланқызы “Көкөністер денсаулық қоймасы” мақал-мәтел мәнісі жайлы сабақ жүргізді.

“ЖББ Х.Халиуллин атындағы орта мектебі” КММ-де БҚО Білім басқармасының Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің 22.01.2019 жылғы 3-15-3/120-И хаты негізінде білім беру ұйымдарындағы асхананың ҚР Үкіметінің 2012 ж 12 наурыздағы №320 бұйрығын орындалуын қадағалау мақсатында 27.01-27.02.2020 ж күндері аралығында республикалық “Мектеп асханасы” акциясы болып жарияланып, мектепішілік сараптамалық топ құрылып, іс-шаралар жоспары жасақталды. Жоспар бойынша мамандар таныстырылып, өткізетін шаралар күні бекітіліп, мамандар жұмыстанды.

Атап өтетін болсақ, сараптамалық топ мектеп асхана блогін зерделеп тамақ мәзірі бойынша тамақтың пісірілуін, балаларға беріліуін, ыдыс-аяқ тазалығын, сынып бүлінбеуін қадағалап мониторинг жүргізді. Топ өздерінің отырысын өткізіп талқылады.

Бастауыш сынып мұғалімі Н.Жакина оқушылармен тамақтану туралы тамақтан берілетін дәрумендер туралы әңгіме, сұрақ-жауап, пікірталас ұйымдастырса, 5-6 сынып оқушыларымен мектеп тәлімгері Арухан Жасұланқызы “Көкөністер денсаулық қоймасы” мақал-мәтел мәнісі жайлы сабақ жүргізді. Мектептің әлеуметтік педагогі Гульзада Хабиржанқызы оқушыларға тамақтану ережелері, қағидалары туралы бейнекөрініс, тамақтану пирамидасын туралы көріністер көрсетті.

Сонымен қатар мектеп асханасында ата-аналармен, ата-аналар комитетінің төрайымы А.Досбулатова, ауыл әкімшілігінен Щ.Бірімжарова, “Қамқоршылық кеңес” мүшелерімен ашық есік күні оздырылды.

Мектеп медбикесі М.Ахмулдина асхана қызметінің жұмыс барысымен, күнделікті қадағалап, күнделікті сынаманың алынып отырғандығын, органолептикалық бағалау жүргізіп отырғандығын, бракераждық комиссия құрылып жұмысының жүргізіліп жатқандығын баяндады.


Жарияланды: 27.02.202016:21

Автор: