“Біз ойнаймыз, оқимыз, айтамыз және түсінеміз”

Аудандық білім  беру бөлімінің жоспарына сай, 19 ақпан күні Мектепке дейінгі ұйымдағы ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс түрлерін тиімді ұйымдастыру мақсатында  “Алтын ұя” бөбекжай базасында  “Біз ойнаймыз, оқимыз, айтамыз және түсінеміз” атты аудандық семинар ұйымдастырылды.

Семинарға мектепке дейінгі ұйым әдіскерлері, орыс тілі, ағылшын тілі, дене шынықтыру нұсқаушылары, музыка жетекшілері, психологтары, дефектологтары, логопедтері қатысты.  Семинар барысында, “Алтын ұя” бөбекжайының   бүлдіршіндерінен құрылған Жетекшісі Т.Р. Набиева “Көзімнің қарасы”, А.Құнанбайұлы “Ғылым таппай мақтанба “Айналайын” тобының бүлдіршіні  Н.А. Нұрбекқызы, “Сенбе жұртқа тұрсада қанша мақтанба…” тәрбиеші А.А.Ермекова өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Семинардың практикалық бөлімі – бөбекжай педагогтері  тәрбиеленушілермен бірге оқу қызметтері ұйымдастырылды. Атап айтсақ,  “Циркте қонақта”, “Үй жануарлары”,”қыс қызығы”,”Ерекше білім қажет ететін балалармен оқу қызметіне қолданылатын әдістер”, “Ерекше білім қажет ететін балалармен жұмыста ұсақ қол маторикасының тиімділігі”, “Түрлі-түсті ленталар”, “Степ плотформасы”, “Magic box”, “Умники и умницы”, “Әлемі гүлдер” аты ашық оқу қызметтері өткізілді.

Ал теориялық бөлімінде “Мектепке дейінгі ұйымдарда психолог қызметін ұйымдастыру”, “Мектепке дейінгі ұйымдарда дефектолог мұғалімінің қызметін ұйымдастыру”, “Мектепке дейінгі ұйымдарындағы инклюзивті білім беру жұмыстарының бағыттары туралы кеңестер беріліп, семинар  “Ашық микрофон” әдісімен қорытындыланды.


Жарияланды: 19.02.202012:21

Автор: